«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

12–16 мамыр аралығында елімізде репродуктивтік денсаулық апталығы өтеді — бұл кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылды.

Жобаның негізгі әріптестері — Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар.

Жоба халықтың репродуктивтік денсаулығы, инфекциялық аурулардың профилактикасы, отбасы жоспарлау және жауапты ата-аналық мәдениетін қалыптастыру мәселелері жөніндегі білімін арттыруға бағытталған.

Негізгі назар жастарға, репродуктивтік жастағы әйелдер мен ерлерге, сондай-ақ ата-аналарға бөлінетін болады.

Сонымен қатар Шымкент қаласындағы ЖИТС оталығының Достастық кабинетінің жұмыс кестесі де оңтайландырылды. Достастық кабинетінің келушілері негізінен халықтың негізгі топтарынан (инъекциялық есірткіні тұтынатындар, ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер, секс жұмыскерлері, трансгендер адамдар) құралған және оларға қызмет алу үшін ыңғайлы уақыт қарастырылған (жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін белгіленді). Үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) клиенттері үшін бөлек күндер мен сағаттар бөлінді.

Достастық кабинеті еріктілік және құпиялылық қағидасын ұстана отырып, ТЕГІН АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясын жұқтырғандарға және халықтың негізгі топтарына жыныстық жолмен берілетін инфекциялық аурулар кезінде профилактикалық және емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді.

Достастық кабинеті төмендегідей қызмет түрлерін ұсынады:

  • Жоғары санатты дерматовенеролог пен гинекологтың қабылдауына жазылу;
  • АИТВ-ға тестілеу (жедел-тест, ИФА);
  • Пациенттерді АИТВ туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың қаупін азайту жолдары, жүктіліктің алдын алу әдістері;
  • АИТВ мәселелері бойынша тестке дейінгі және тесттен кейінгі психологиялық кеңес беру;
  • Жанасуға дейінгі және жанасудан кейінгі профилактика жүргізу;
  • Урогенитальды (гинекологиялық) жағындыларды тексеру;
  • ИФА және микрореакциялар арқылы мерезді диагностикалау;
  • ПТР арқылы хламидиозды диагностикалау;
  • ПТР арқылы трихомониазды диагностикалау;
  • Гонореяны ПТР әдісімен диагностикалау;
  • ПТР арқылы уреаплазмозды диагностикалау;
  • ПТР арқылы герпес диагностикасы;
  • В, С вирусты гепатиттеріне ИФТ және ПТР арқылы тексеру;
  • Жүктілікке жылдам тестілеу;
  • Жыныстық жолмен берілетін (мерез, хламидиоз, гонорея, жыныстық герпес және т.б.) инфекцияларды емдеу.