23.04.2026 жыл Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп - гимназиясында 10 - сынып қыздар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында №13 қалалық емханасының гинеколог дәрігері Сарқыт Ақжарқын Жанабекқызы, психолог дәрігері Кемпірбекова Гулжанат Құмарбекқызы, Шымкент қаласы ДСБ ЖИТС - тің алдын алу және онымен күресу орталығының педагог маманы Ибайдуллаева Дильнаваз Атабековна, мектеп медбикесі Жанботаева Сандуғаш Рахымбердықызының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс шараның мақсаты - жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу және денсаулығын қорғау және адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті болдырмау, салауатты өмір салтын насихаттау.
Дөңгелек үстел барысында қыз балалар өз ойларымен бөлісіп,өз тараптарынан қойылған маңызды сұрақтарға жауап алды.
Автор: Д.А Ибайдуллаева педагог

