Шымкент қаласының ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен сотталғандар, қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ (адамның иммунитет тапшылығының вирусы) инфекциясын алдын алу мақсатында «Сотталғандар, қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын алу «АИТВ тестілеуі: «Ерте анықтау - тиімді емдеу»» қауіпсіз болашақтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш іс - шараға ҚАЖД мемлекеттік сан - эпид қадағалау тобының аға инспектор санитарлық дәрігері, полиция департаментінің медициналық тобының бас маман - дәрігері, №78, 53, түзету РММ - ге жауапты эпидемиолог дәрігері, қорғаныс істер жөніндегі департаментінің өкілдері қатысты.
Іс - шара барысында қазіргі уақытта АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы, сотталғандар мен қамаудағыларды АИТВ - ға тексеру бойынша ҚРДСМ № 211/2020 бұйрығын орындау, 95 - 95 - 95 жаңа стратегияны пайдалана отырып, «2030 жылға қарай АИТВ инфекциясын тоқтату» мақсаттары қарастырылды.
Сонымен қатар сотталғандар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу кезінде кездесетін кедергілер, полиция департаментінің қабылдау - тарату, арнайы қабылдау тарату бөлімдеріне келіп түскен тұлғалардан АИТВ инфекциясына тексеру кезіндегі қиындықтар талқыланып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер қозғалды. Тыңдаушылар тарапынан түрлі сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныс пікірлер тыңдалды.
Медициналық бөлімшелерде компьютерлер мен интернеттің болмауы АИТВ - ға қатысты деректерді уақтылы тіркеуге және есеп жүргізуге қиындық туғызады. (№56 РММ, қабылдау - тарату, арнайы қабылдау тарату бөлімдері, уақытша ұстау изоляторларына). - Жауапты мекемелерге бұл мәселені шешу үшін қажетті шараларды қарастыру ұсынылды.
Вакутейнерлермен қамтамасыз ету: Вакутейнерлер сатып алу жоспарланып, бюджетке енгізілгенімен, тендер әлі өткізілмеген. Бұл мәселені уақытша шешу үшін ДВД емханасынан экспресс тест алу ұсынылды (қабылдау - тарату, арнайы қабылдау тарату бөлімдері, уақытша ұстау изоляторларына).
-
Мамандарды оқыту: Экспресс - тест жүргізу үшін қосымша экспресс тест қажеттілігі анықталды (қабылдау - тарату, арнайы қабылдау тарату бөлімдері, уақытша ұстау изоляторларына). СПИД орталығы базасында мамандарды оқыту іс - шараларын өткізу туралы ұсыныс жасалды.
-
Дәрі - дәрмектердің бөлінуі: Қатысушылар түзету мекемелерінде қажетті дәрі - дәрмектердің жеткізілу деңгейін талқылады. Мекемелерге қажетті дәрі - дәрмектерді есепте туратындарға ЖИТС орталығынан бөлініп жатқандығы айтылды.
-
Автокөлік бөлу: Алынған қан сынамаларын тасымалдау үшін арнайы автокөліктің жетіспеушілігі анықталды(барлық түзету мекемелерінде). Көліктер бөлу бойынша ұсыныстар енгізілді.
-
Центрифугамен қамтамасыз ету: Мекемелерде қан талдаулары үшін қажетті центрифугалардың жоқтығы немесе жетіспеушілігі туралы мәселе қарастырылды барлық мекемелерде ол проблема шешілген. керекті жабдықтарды алу үшін бюджеттік қаражат қарастыру және қажетті құрал - жабдықтарды сатып алу ұсынылды.
Сонымен қатар түзету мекемелерінің жауапты эпидемиолог дәрігері сотталғандар арасында АИТВ инфекциясының алдын алу кезінде кездесетін кедергілер жайында айтып өтті. Қылмыстық атқару жүйесінің аға инспекторы санитарлық дәрігері қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде жүргізіліп жатқан іс - шаралар бойынша мәлімдеме жасады.
Ардақ Адилбекова қорғаныс істер департаментінің аға лейтенанты, медицина бөлімінің басшысы әскерге шақыртылғандардың медкомиссиядан өту кезінде ИФА әдісімен, экспресс тест арқылы АИТВ инфекциясына тексеріліп жатқанын, тексеру ЖШС «Ай - Нуры» медицина орталығың қызметкерілермен келісім шарт бойынша жүргізетіндігін айтты.
Полиция департаментінің санитарлық бөлімінің бас маман - дәрігері Л.Ю. Давидьянц «Бүгінгі дөңгелек үстелде өзекті мәселелер қозғалып, ұсыныс, пікірлер айтылды. Өзім үшін жаңа мәлімет және қызықтыратын сұрақтарыма жауап алдым. Дөңгелек үстел ұйымдастырғандарыңыз үшін ЖИТС орталығының қызметкерлеріне алғыс айтамын» - деді.
-
Экспресс - тест мәселесі: - АИТВ - ны жедел анықтауға арналған экспресс - тестілердің жоқтығы құжатсыз келген адамдарды тексеруді қиындатады «қабылдау - тарату орны). - Экспресс - тестілерді алу мәселесін шешу үшін тиісті ұйымдарға ұсыныс жолдау қажеттігі айтылды.
-
Материалдық - техникалық база: - Медициналық бөлімшелерде компьютерлер мен интернеттің болмауы АИТВ - ға қатысты деректерді уақтылы тіркеуге және есеп жүргізуге қиындық туғызады. (№56 РММ, қабылдау - тарату, арнайы қабылдау тарату бөлімдері, уақытша ұстау изоляторларына). - Жауапты мекемелерге бұл мәселені шешу үшін қажетті шараларды қарастыру ұсынылды.
-
Вакутейнерлермен қамтамасыз ету: Вакутейнерлер сатып алу жоспарланып, бюджетке енгізілгенімен, тендер әлі өткізілмеген. Бұл мәселені уақытша шешу үшін ДВД емханасынан экспресс тест алу ұсынылды (қабылдау - тарату, арнайы қабылдау тарату бөлімдері, уақытша ұстау изоляторларына).
-
Мамандарды оқыту: Экспресс - тест жүргізу үшін қосымша экспресс тест қажеттілігі анықталды (қабылдау - тарату, арнайы қабылдау тарату бөлімдері, уақытша ұстау изоляторларына). СПИД орталығы базасында оқу іс - шараларын өткізу туралы ұсыныс жасалды.
-
Дәрі - дәрмектердің бөлінуі: Қатысушылар түзету мекемелерінде қажетті дәрі - дәрмектердің жеткізілу деңгейін талқылады. Мекемелерге қажетті дәрі - дәрмектерді есепте туратындарға ЖИТС орталығынан бөлініп жатқандығы айтылды.
-
Автокөлік бөлу: Алынған қан сынамаларын тасымалдау үшін арнайы автокөліктің жетіспеушілігі анықталды(барлық түзету мекемелерінде). Көліктер бөлу бойынша ұсыныстар енгізілді.
-
Центрифугамен қамтамасыз ету: Мекемелерде қан талдаулары үшін қажетті центрифугалардың жоқтығы немесе жетіспеушілігі туралы мәселе қарастырылды барлық мекемелерде ол проблема шешілген. керекті жабдықтарды алу үшін бюджеттік қаражат қарастыру және қажетті құрал - жабдықтарды сатып алу ұсынылды.
Дөңгелек үстел соңында экспресс - тестілерді алу және қаржыландыру мәселесі бойынша Полиция департаментінің маманы тапсырыс беретіндігін мәлімдеді, медициналық бөлімшелерді компьютер және интернетпен қамтамасыз ету қажеттілігі бойынша жауапты мекемелерге ұсыныс беріледі, ДВД емханасынан экспресс тестер артығымен алу және тендердің өткізілуін жеделдету шаралары қабылданады.
ЖИТС орталығы базасында сүраныс жагдайда мамандарды экспресс - тест жүргізу бойынша оқыту ұйымдастырылады. Дәрі - дәрмектердің жеткізілуін бақылау және қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғаларға тапсырма беру. Мекемелерде интернет пен компьютерлік жабдықтарды орнату бойынша шаралар қабылдау.
Автокөлікпен жабдықтау мәселесін, центрифуга сатып алу және техникалық жабдықтау мәселесін шешуді түзету мекемелерге қарасты емхана басшылғына ұсыну. Сарбаздардан қан алу кезінде вакутейнерге кан аусып кетпей үшін ФИО жазылу керектігі және военкоматтан алынған қан болек протоколмен ЖИТС орталығының зертханасына жеткізу мәселесі қарастырылсын деген ұсыныс айтылды. Экспресс тестерды «В» класс қалдықтарға жататындығын айтып утилизациямен айналысатын мекемелермен келісім шартқа отыру керектігі айтылды.

