Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамалық тапсырмасы бойынша GlaxoSmithKline компаниясы шығарған «Долутегравир» препаратының жоқтығына байланысты, 2025 жылғы 24 ақпанда Шымкент жоғары медицина колледжінің мәжіліс залында ЖИТС-орталығының пациенттерімен және олардың заңды өкілдерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК клиникалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі – С. Ж. Қасымбекова, «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарушы директоры – Г. А. Омарова, «СҚ-Фармация» ЖШС, аналитикалық жұмыс басқармасының басшысы – А. Қ. Мүбараков, «СҚ-Фармация» ЖШС, жеткізу мониторингі және сүйемелдеу басқармасының бастығы – Г.С. Аспандиярова, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары – С.С.Дүйсенбаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысының м.а. – Е.Ш.Кулиева, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы – О.С.Тұрсынбек, «ЖИТС-тің алдын-алу және онымен күрес жөніндегі орталық» МКҚК бас дәрігері – Б.Сырбек, 2025-2027 жылдарға антиретровирусты препараттарды сатып алу мен жеткізу жағдайы, жаңа заманауи препараттар, клиникалық хаттамада ұсынылған емдеу схемалары, жоспарланған шаралар туралы баяндама жасады.
АИТВ-жұқтырған пациенттер тарапынан антиретровирусты терапия, емдеу схемаларына өзгеріс енгізу, тұмауға қарсы егу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қаржы бөлу және мүгедектік рәсімдеу мәселелері бойынша ұсыныстар айтты.
Кездесуде көтерілген өзекті мәселелерді, мүдделі тараптардың қатысуымен, zoom технологиясы арқылы, ҚР Денсаулық сақтау вице министрінің жиналысында талқылау қарастырылды.