2025 жылы 28 мамыр айында жылдық Шымкент қаласы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтер көрсететін орталығында, жылдық жоспарға сай орталықта отбасындағы зорлық - зомбылықтан зардап шеккен азаматшалар мен балаларға заңгерлік және психологиялық көмектерді көрсету бойынша біліктілігі жоғары мамандарды атап айтқанда Шымкент қаласының Әділет департаменті қызметкерлері, адвокат, нотариус, жеке сот орындаушылары, заң консультантары, полиция, «Жастар ресурстық орталық» медицина қызметкерлері және ЖИТС орталығының мамандарын қатыстыра отырып «Әділет кеңес және ашық есік" құқықтық атты күніне орай «Ашық есік күні» және дөнгелек үстел өткізілді.
Науқанның мақсаты: Орталықта уақытша тұрып жатқан аналардың сұрақтарына жауап және кеңес беру. Зорлық - зомбылықты бастан өткізген адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, АИТВ инфекциясын алдын - алу.
Іс шара барысында психолог және гинеколог дәрігер орталықта тұратын әйелдермен жасөспірімдерімен жастардың репродуктивті денсаулығы бойынша мәселелерді талқылады. Жыныстық және гормоналды жетілудің ерекшеліктері. Жыныстық денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, ерте жыныстық қатынастың және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар алдын алу туралы тоқтап өтті. ЖИТС орталығының және Жастар ресурстық орталығының мамандары осы іс - шараға белсенді қатысты.
Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясын алдын - алу және есірткі тұтыну мәселелері, АИТВ - мен өмір сүретін адамдарды ауруына байланысты «таңба басу», қоғамнан аластатуды алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Науқанға келушілерге жедел тест - жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ инфекцияға тексеруден өту мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат беріліп, нәтижесін 20 минут ішінде дайын болатыны айтылды.
Мақала авторы: Байкасова А.Т. эпидемиолог дәрігер ЖИТС орталығы.