«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Денсаулық сақтау министрлігі ел бойынша педиатриялық қызметті күшейтіп жатыр. Балаларды кешенді медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында соңғы бір жылда емханаларда 366 педиатриялық бөлімше және шамамен сонша Даму және ерте араласу орталығы ашылды.

Педиатриялық бөлімшелерді құру:

• балалардың денсаулығын туған сәтінен бастап жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге;
• даму бұзылыстарын ерте анықтауды күшейтуге;
• мультидисциплинарлық тәсілді енгізуге;
• мамандандырылған көмекті отбасылардың тұрғылықты жеріне жақындатуға мүмкіндік береді.

Педиатриялық бөлімшелердің құрамына:

• педиатр дәрігерлер кабинеттері;
• Даму және ерте араласу орталықтары (ДЕАО), оның ішінде:
• патронаж қызметінің дәрігер - супервизоры кабинеті;
• патронаж мейіргерлер кабинеттері;
• бала дамуы жөніндегі мамандар;
• тамақтану бойынша ресурстық орталық;
• дыбыс оқшаулауы бар аудиологиялық скрининг кабинеті;
• егу кабинеті;
• мектеп медицинасы кабинеті кіреді.

Егер баланың даму ерекшеліктері анықталса, ол Даму және ерте араласу орталығына жіберіледі. Мұнда баланы мультидисциплинарлық команда сүйемелдейді: педиатр, патронаж мейіргері, реабилитолог, логопед, психолог және басқа да мамандар.

Бір жылдың ішінде орталықтарда 72 мыңнан астам балаға консультация берілді, ал даму бұзылыстарын анықтау көрсеткіші 21,5% - ға артты.

Осылайша, жүйе медициналық көмектің деңгейлерін бөлу қағидатына негізделіп құрылған, мұнда жалпы практика дәрігері (ЖПД) алғашқы байланыс және үйлестіру функциясын атқарады, ал қажет болған жағдайда мамандандырылған педиатриялық көмек қосылады.

Мұндай тәсіл көптеген балалар үшін медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, сонымен бірге күрделі клиникалық жағдайларда мамандандырылған көмек алу мүмкіндігін сақтауға мүмкіндік береді.