«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.185): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бастамасымен жыл сайын атап өтіледі. 2025 жылғы Денсаулық күнінің ұраны: «Салауатты өмір бастау - берекелі болашақ кепілі». Бұл күні бүкіл әлемде денсаулықтың маңыздылығына назар аударуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, Шымкент қаласының жастардың сүйікті паркі «Арбатта» Авиценна атындағы жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен қала тұрғындарына арналған іс-шара өткізілді.

Іс- шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруға деген халықтың қызығушылығын арттыру, дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйрету және қоғамда денсаулыққа деген жауапкершілікті арттыру.

Іс-шарада 7 бекеттен тұратын «Денсаулық бұрыштары» келушілерге қызмет көрсетті.

Іс-шара барысында «Қан қысымы мен сатурацияны өлшеу» бекеті келушілердің артериялық қан қысымы мен қандағы оттегінің деңгейін өлшеді. Дәрігерлер қалыпты көрсеткіштер туралы ақпарат берді. «Бой-салмақ өлшеу және дене массасының индексін (ДМИ) анықтау» бекетінде келушілер бойлары мен салмақтарын өлшеді. ДМИ көрсеткішіне сәйкес денсаулық жағдайларын бағалай алды. «Акушер-гинеколог дәрігерлер кеңесі» бекетінде: репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша және қант диабеті, анемия және басқа да жүктілік кезінде кездесетін ауруларды ерте анықтаудың пайдасы жайында кеңес берді. «Дәрігерлер кеңесі» жалпы практика терапевт дәрігерлерінен, келушілер сұрақтарына жауап алды. «Фитошай тарату» бекеті келушілерге пайдалы фитошай ұсынды. Дұрыс тамақтану мен табиғи өнімдердің пайдасы туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар «Шұғыл көмек көрсету» тренингі (өкпе-жүрек реанимациясы ) өткізілді. Тренингі барысында қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын үйренді. Жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу әдістері тәжірибе жүзінде көрсетілді. Келушілерге маман емес адамдар үшін тек қысуды қамтитын жеңілдетілген әдісті өздеріне жасатып көрсетті.

Сондай-ақ «Белсенділік аймағында» «Емдік дене шынықтыру» тақырыбы бойынша денсаулықты жақсарту үшін арнайы жаттығулар көрсетілді. Дене белсенділігі мен физикалық жаттығулардың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.

«Салауатты өмір үшін бірге!» флешмоб көрсетілді. Барлық қатысушылар флешмобқа қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға өз үлестерін қосты.

Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мамандары осы іс-шараға белсенді қатысты. АИТВ-инфекциясын алдын алу туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, өз мәртебесін білгісі келген әрбір адамға 4-ші буын тест-жүйелерін пайдалана отырып, АИТВ-ға антиген мен антиденелерді анықтау үшін экспресс-тестілеу ұсынды, соның арқасында талдау нәтижесін 20 минут ішінде алуға болатынын көрсетті.

 Іс-шараға келген қала тұрғыны:

- «ұйымдастырушыларға алғысымды білдіріп, бұл іс-шараның адамдардың денсаулығына қатысты жауапкершілікті арттыруға үлкен ықпал ететініне сенімдімін. Бұл сияқты іс-шараларды болашақта жиі өткізу керек, себебі олар қоғамға, денсаулыққа деген дұрыс көзқарас қалыптастырады» - деп ризашылдылығын білдірді.