10.11.2025 жыл Шымкент қалаласындағы №142 орта білім беретін мектепте «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы курес орталықтың ұйымдастыруымен және «Жас қыран» жастар денсаулық орталығы» Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының" маманымен қатысумен жастардын арасында 1-ші желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні» тақырыбымен «Қиындықтардан-өзгерістерге АИТВ-ға жауап ретінде» ұранымен және АИТВ-инфекцияның алдын алу, жыныстық жолмен жұғатын аурулар бойынша дәріс өткізілді.
Іс шараның мақсаты- жастар арасында ақпараттандыру деңгейін арттыру, АИТВ/ЖИТС, ЖЖБА, ерте жүктілік және жасөспірімдер арасында қорлау, бопсалау сынды қылмыстық әрекеттер болдырмау, мәселерге назарын аудару және алдын алу бағдарламаларын қолдау, адамдарға қатысты стигма мен кемсітушілікті азайту.
"Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының" маманына сөз беріліп, өз сөзінде бұл шараның маңыздылығына тоқталып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды "Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының" басты мақсаты – халықтың басты адами құндылығы ретінде өз денсаулығына деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру екенін айтты. Денсаулық пен жақсы психофизикалық жағдайды өмір салтына айналдыруға ұсыныс берді.
Мақала авторы: дәрігер эпидемиолог Байкасова А.Т.

