1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні.
«Шымкент жоғары медицина колледжінде кезекті тағылымды іс-шара өтті!
Мақсатымыз — болашақ ақ халатты абзал жандардың білімі мен біліктілігін шыңдап, кәсіби шеберлігін арттыру.
Шымкент жоғары медицина колледжінде студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған маңызды жиын өтті. Болашақ медицина мамандары өз білімдерін іс жүзінде дәлелдеп, жоғары белсенділік танытты
Бүгінде денсаулыққа мән беру мен ақпараттық сауаттылық — нағыз тренд.
Іс-шара барысында жастармен ашық сөйлесіп, маңызды тақырыптарды талқыладық:
🔹 АИТВ туралы шынайы ақпарат: Қорқыныш пен жалған мифтерден арылу;
🔹 Стигма мен кемсітушілікке жол жоқ: Кез келген адамға құрметпен және түсіністікпен қарау;
🔹 Достық кабинеті: Анонимді, тегін кеңес алуға және психологиялық қолдау табуға болатын сенімді орта;
🔹 Жедел (экспресс) тестілеу: Өз статусыңды 15 минутта білу — өзіңе деген қамқорлықтың басты белгісі.
Сенің денсаулығың — сенің болашағың! Ешқандай күмән мен үрейге орын жоқ, біз әрқашан қолдауға дайынбыз.️
Белсенді қатысқан барлық студенттер мен оқытушыларға алғыс білдіреміз!
ЖИТС орталығының дәрігері эпидемиологтар А.Т. Байкасова, А.Ж. Қаратаева

