«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Шымкент қаласында медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерінің орынбасарлары, АИТВ-ға жауапты мамандар мен АИТВ-ға қан алу кабинетінің мейірбикелерінің ( LIS K-LAB тікелей жұмыс жасайтын) қатысуымен «Бір ғана қателік – үлкен салдар: АИТВ-ға қан сынамаларын алу мен тасымалдаудағы преаналитикалық кезең» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: қаланың АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайымен таныстыру, АИТВ-ға сынама алу әдістерінің, қанды сақтау және тасымалдау тәртібінің (преаналитикалық кезең) сапасын арттыру, «LIS K-LAB» зертханалық ақпараттық жүйеге енгізілген өзгерістер жайында түсінік беру. 
Семинар барысында 2026 жылдың 5 айының АИТВ - инфекциясы жөніндегі эпидемиологиялық жағдайы және медициналық ұйымдарда преаналитикалық кезеңінде жіберілген кемшіліктер туралы баяндалды. Осыған байланысты АИТВ-ға қан сынамаларын алу тәсілдеріндегі қателіктерді алдын алу мақсатында құрылған бейнеролик көрсетіліп, тыңдаушыларға сұрақтар қою арқылы қан алу прцесінде кеткен қателіктер талқыланды. Сонымен қатар мамандар АИТВ жұқтырған жүкті әйелдер мен олардан туылған балаларды ЖИТС орталығы мен емхана қызметкерлерімен бірлесіп бақылауға алудың маңыздылығына тоқталды. 
Сондай-ақ медициналық мекемемен жұмыс істеуге арналған «LIS K-LAB» зертханалық ақпараттық жүйеге енгізілген өзгерістер туралы түсінік берілді. Жүйеге кіру, шығу жолдары, науқас жайында мәліметтерді, қанды жеткізіп беру күніне қатысты, зерттеулерге тапсырыс беру, МКБ – 10 коттары бойынша жаңартуларды дұрыс толтыру талаптары түсіндірілді. Зертханалық емес талдауға дейінгі кезең - биологиялық материал зертханалық бөлімшеге келгенге дейін орындалатын процедуралар, нормативтік құжаттардың тізімі, биоматериалдарды қабылдамау топтары, жоғары сапалы сарысу алу үшін үш шартты орындау ұсынылатындығы жайында талқыланды.
Семинар соңында эксперт Р.Н. Абиева: «бүгінгі семинар өз мақсатына жетті деп ойлаймын, медицина қызметкерлеріне медициналық ұйымдарда преаналитикалық кезеңнің бұзылуына жол бермеуге, ішкі ереже әзірлеп, талдау қабылдайтын және тіркейтін қызметкерлерге тұрақты түрде тренинг ұйымдастыруды, әр жағдай бойынша ішкі қызметтік тексеріс жүргізіп тұруды, преаналитикалық кезең бойынша жадынама жасап, бекітуді ұсынамын», - деді.
Шымкент қалалық № 6 медициналық ұйымның медбикесі А.Ахметова: «Тікелей өзім қанмен жұмыс жасайтындықтан, бүгінгі семинардан құнды мәлімет алдым. Бейнероликте қан алу процесінде кететін қателіктер анық көрсетіліп, талқыланды. Сондай-ақ қанды сақтау және тасымалдау тәртібін еске салды, жаңартылған "LIS K-LAB" зертханалық ақпараттық жүйемен дұрыс жұмыс істеу жолдарын жақсырақ меңгеруге көмектесті. Бұл мәліметтерді жұмыс барысында басшылыққа алуым, кәсіби шеберлігімді шыңдауға, жұмыстың сапасын арттыруға өзіндік септігін тигізетініне сенімдімін», - деп ризашылығын білдірді.