1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Әл-Фараби» Жастар денсаулық орталығы (ЖДО) мен ЖИТС орталығы бірлесіп жастарға арналған ерекше кездесу өткізді!
Бүгінде денсаулыққа мән беру мен ақпараттық сауаттылық — нағыз тренд.
Іс-шара барысында жастармен ашық сөйлесіп, маңызды тақырыптарды талқыладық:
АИТВ туралы шынайы ақпарат: Қорқыныш пен жалған мифтерден арылу;
Стигма мен кемсітушілікке жол жоқ: Кез келген адамға құрметпен және түсіністікпен қарау;
Достық кабинеті: Анонимді, тегін кеңес алуға және психологиялық қолдау табуға болатын сенімді орта;
Жедел (экспресс) тестілеу: Өз статусыңды 15 минутта білу — өзіңе деген қамқорлықтың басты белгісі.
Сенің денсаулығың — сенің болашағың! Ешқандай күмән мен үрейге орын жоқ, біз әрқашан қолдауға дайынбыз.
ЖИТС орталығының дәрігері эпидемиолог А.Т. Байкасова

