«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

Ана болу – үлкен жауапкершілік. Ал сол жауапкершіліктің ең маңызды кезеңі – жүктілік кезіндегі денсаулықты сақтау. Бүгінде медицина саласында ана мен баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттарының бірі – адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ/ВИЧ) инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу.
АИТВ – көзге көрінбейтін, бірақ салдары ауыр инфекция. Ең өкініштісі – ол анадан балаға берілуі мүмкін.
АИТВ инфекциясы тек үш жолмен жұғады:
• қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы (ең жиі кездесетін жол);
• қан арқылы;
• жүктілік, босану және емізу кезінде анадан балаға беріледі.
Алайда заманауи медицина бұл қауіптің алдын алуға толық мүмкіндік береді. Ол үшін ең бастысы – уақтылы және толық тексеруден өту.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес, жүкті әйелдер АИТВ-ға екі рет тексеріледі: жүктілік бойынша есепке тұрған кезде және 28–30 апта аралығында. Ал олардың жұбайлары (жыныстық серіктестері) кемінде бір рет – әйел есепке алынған кезде тексерілуі тиіс. Бұл – жай ғана формальды талап емес, болашақ сәбидің өмірі мен денсаулығын қорғаудың нақты жолы.
Неліктен серіктесті тексеру маңызды?
Негізгі мақсат – дені сау ұрпақ қалыптастыру. Осыған байланысты АИТВ-ға қарсы күрестегі ең тиімді бағыт – алдын алу, яғни жүкті әйелдер мен олардың жұбайларын толық қамту.
Бұл шаралар:
• анадан балаға инфекцияның берілуін болдырмайды;
• дені сау сәбидің дүниеге келуіне мүмкіндік береді;
• қоғамда инфекцияның таралуын төмендетеді.
Әрбір ата-ана өз баласының аман-есен дүниеге келуін қалайды. Бұл мақсатқа жету – бүгінгі таңда өз қолымызда. Өкінішке қарай, кейбір ер азаматтар түсінбегендіктен тексерілуден бас тартып, өз денсаулығына ғана емес, отбасының болашағына да қауіп төндіріп жатады.
Бір ғана талдау – бір баланың тағдырын өзгертуі мүмкін.
Сондықтан жүкті әйелдер мен олардың жұбайларын АИТВ-ға міндетті тексеру – болашаққа жасалған жауапты әрі маңызды қадам.

Шымкент қаласының ДСБ ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі
орталығының эпидемиолог дәрігері Р.Н.Абиева