Шымкент қаласының ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы көптеген нысаналы индикаторларға қол жеткізгенін көрсетеді. Атап айтқанда: 15 - 49 жас тобында АИТВ инфекциясының таралу көрсеткіші 0,32 % шегінде ұстау индикаторы 2026 жылдың 6 айында 0,26 % құрады.
2025 жылмен салыстырғанда АИТВ - ның парентералды жолмен жұғу үлесі 7,2 % - дан 3,5 % - ға дейін төмендеді.
Сонымен қатар, инъекциялық есірткі қолданушыларды антиретровирустық терапиямен қамту көрсеткіші нысаналы индикаторы 93% болған (мақсат 97% - ды құрау).
Антиретровирустық терапияның тиімділігі нысаналы индикатор 92% болғанда, (94% - ды құрады).
ЖИТС орталығында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында АИТВ - мен өмір сүретін адамдар арасында профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Жылдың басында қала бойынша АИТВ - мен өмір сүретіндердің статистикалық мәліметтері талданды, АИТВ - ға тестілеуді және жанасуға дейінгі профилактиканың (ЖДП) қамтуын арттыру үшін негізгі мақсаттар анықталды. АИТВ, Антиретровирустық терапияның және жанасуға дейінгі профилактика бойынша тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде АИТВ - ға тестілеу көлемінің артуына әкеліп, жанасуға дейінгі профилактикамен 677адам қамтылды. Сондай - ақ, 9 жастар денсаулық сақтау орталығының және қылмыстық - атқару жүйе басшыларының өкілдерімен ведомствоаралық кездесулер, ЖИТС орталықтарында және емханаларда ерікті түрде тегін тексерілу мүмкіндіктері қарастырылды. Нәтижесінде, 2026 жылдың бірінші жартысында жүргізілген АИТВ - ға тестілеу саны - 198 762 - ні құрады.
Сонымен қатар, орталықта жүкті әйелдермен жұмыс ерекше бақылауда. Анадан балаға АИТВ жұғуын болдырмау үшін арнайы бағдарламалар жүзеге асырылуда. Нәтижесінде, 2026 жылдың 6 айында АИТВ - мен өмір сүретін аналардан 14 дені сау балалар дүниеге келді.
ЖИТС орталығы АИТВ - мен өмір сүретін адамдарға Қазақстан Республикасының кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында АИТВ инфекциясын алдын алу, анықтау, диспансерлік бақылау және емдеу қызметтерін тегін көрсетеді.

