Шымкенттегі «Hyper House» сауда үйі - қаланың Орталық ауданында орналасқан ірі заманауи сауда орталығы болып табылады. Ол Д. Қонаев, Байдібек би, Дулати, Рыскулов көшелері сияқты ірі магистральдардың торабында орналасқан. Жұмыс істейтін қызметкерлердің де, келушілердің де саны едәуір. Халықтың көп шоғырланған жерлерінің бірі болып табылады.
Шымкент қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күніне орайластырылған онкүндік аясында акциялар өтуде. Шымкент қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-тен құрбан болғандарды еске алу күніне орайластырылған онкүндік аясында акциялар өтуде. Акцияға Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің қызметкерлері жұмылдырылды.
«Hyper House» сауда үйі келушілері мен қызметкерлері де акциядан таса қалмады. 15.05.2026 жылы күні іс шара өтті. Акция барысында орталықтың мамандары АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, тестілеу мен өзінің АИТВ-мәртебесін білудің маңыздылығы туралы айтып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелерін қозғады. Мамандардың айтуынша, аталған іс-шара халықтың назарын АИТВ-инфекциясының таралу мәселелеріне аударуға және жастарды қауіпсіз мінез-құлық формаларын қалыптастыруға ынталандыруға тағы бір мүмкіндік болып табылады
«Hyper House» сауда үйі келушілері АИТВ-ға экспресс-тестілеуден өтті. АИТВ-ның алдын алу шаралары тақырыбында екі тілде радиоролик жүргізілді. Іс-шараны ЖИТС орталығының профилактикалық жұмыстар бөлімінің әлеуметтік қызметкері Г.Алтынбекова, эпидемиолог көмекшісі А. Джолдасова ұйымдастырып, өткізді.

