Шымкент қаласының ЖИТС орталығында әрбір төртінші науқас қос инфекциямен – адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) және С вирусты гепатитімен ауырады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үздіксіз, өмірінің соңына дейін антиретровирусты (АРВ) препараттарын қабылдайды. АРВ препараттарының гепатотоксикалық әсері және емделмеген созылмалы С вирусты гепатиті (СВГС) нәтижесінде бауыр жетіспеушілігі мен өлім қаупі жоғарылайды, СВГС ем қабылдамау салдарынан науқастарда қосымша асқынулар көбейеді (бауыр циррозы, гепатоцеллюлярлы карцинома және т.б.). Сондықтан АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда С вирусты гепатитін емдеу маңызды.
ҚР бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда С вирусты гепатитін емдеу көрсеткіштері бойынша Шымкент қаласы жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Озық тәжиірибемен бөлісу мақсатында, ЖИТС орталығының бас дәрігері Б.Сырбек, Алматы қаласында 2025 жылдың 17-18 сәуірінде облыстық және Алматы, Астана, Шымкент қалаллық АИТВ-ның алдын алу орталықтарының, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қатысуымен «АИТВ-инфекциясының алдын алу ісінде мемлекеттік және мемлекеттік емес секторлардың әріптестігін нығайту» атты кеңес алаңында «2025 жылдың 1 тоқсанында АИТВ/СВГС инфекциялы науқастарды вирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз ету жағдайы туралы» тақырыбында баяндама жасады және 2025 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.
Баяндамада АИТВ+ВГС созылмалы гепатиті бар науқастардың гепатитін емдеу жұмысындағы күрделі мәселелер (емханаларда вирусқа қарсы дәрілік заттардың қоры жеткіліксіз болуы, медициналық ұйымдарда АИТВ-науқастарды таңбалау мен кемсіту (стигма, дискриминация), науқастардың АИТВ-статусын жариялаудан қорқуы, науқастардың өз емханасына барудан бас тартуы) және оның шешу жолдары талқыланды. Бұл мәселе ЖИТС орталығының тарапынан ай сайын қадағаланып, тоқсан сайын Денсаулық сақтау басқармасы мен Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының алқа отырысында қарастырылатын болды.