Дәрістің тақырыбы: «АИТВ туралы сауатты ақпараттану – қауіпсіздік негізі»
18.09.2026ж. Шымкент қаласы №6 Ж.Баласағұн атындағы мектепте дәріс өткізілді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Сагимбекова және педагог А.Джарасбай дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты:
АИТВ туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, оның таралу жолдары мен алдын алу тәсілдерін түсіндіру және оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.
Дәрістің барысы:
Іс-шара барысында АИТВ және ЖИТС ұғымдары түсіндіріліп, олардың негізгі ерекшеліктері айтылды. Оқушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу әдістері және медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен бірге АИТВ туралы қоғамда кездесетін қате пікірлер талқыланып, олардың шынайы ақпаратпен айырмашылығы түсіндірілді.
Іс-шара нәтижесінде оқушыларға АИТВ туралы нақты ақпарат алып, алдын алу шаралары жөніндегі білімдерін толықтырды. Дұрыс ақпараттың инфекцияның алдын алуда маңызды рөл атқаратыны қорытындыланды.

