12.10.2026ж. Шымкент қаласы №19 Өзбекәлі Жәнібеков атындағы жалпы білім беретін мектепте дәріс өткізілді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбай дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Оқушыларға АИТВ және ЖИТС туралы түсінік беру, олардың айырмашылығын, жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Дәрістің барысы: Дәріс барысында оқушыларға АИТВ және ЖИТС туралы негізгі ақпарат беріліп, олардың айырмашылығы түсіндірілді. Инфекцияның жұғу жолдары, жұқпайтын жағдайлар, алдын алу шаралары және емделудің маңыздылығы айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алды. Оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануы, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауы және денсаулықты қорғауға қатысты дұрыс шешім қабылдауы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау, олардың құқықтарын сақтау және қоғамда кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Нәтижесі: Дәріс нәтижесінде оқушылар АИТВ және ЖИТС туралы білімдерін толықтырып, инфекцияның жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсінді. Денсаулықты қорғаудың маңыздылығын ұғынып, АИТВ туралы жалған ақпараттарды ажыратуға үйренді.

