Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ және «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК бірлесіп 05.11.2026ж. Аймақтық инновациялық университеті студенттер арасында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында семинар өткізілді. Семинарға «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбайдың қатысуымен өтті.
Мақсаты: Студенттерге АИТВ инфекциясы мен ЖИТС туралы түсінік беру, оның жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға, жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дәрістің барысы: Дәріс барысында студенттерге АИТВ және ЖИТС ұғымдарының айырмашылығы, инфекцияның жұғу жолдары мен жұқпайтын жағдайлары туралы ақпарат берілді. Аурудың алдын алу жолдары, уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамда кең таралған қате түсініктерге тоқталып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу қажеттілігі айтылды. Дәріс соңында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Автор: А.К.Джарасбай педагог

