05.10.2026ж. Шымкент қаласы №45 мектеп-гимназиясында дәріс өткізілді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбай дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты:
Оқушыларға АИТВ инфекциясы туралы дұрыс ақпарат беру, оның алдын алу жолдарын түсіндіру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға бағыттау.
Дәрістің барысы:
Дәріс барысында АИТВ және ЖИТС туралы жалпы түсінік берілді. АИТВ-ның адам ағзасына әсері, жұғу және жұқпау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық және тестілеудің маңызы туралы ақпарат айтылды. Оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, тақырыпты бекіту мақсатында танымдық ойындар ұйымдастырылды.
Нәтижесі: Дәріс нәтижесінде оқушылар АИТВ инфекциясы туралы білімдерін толықтырып, одан сақтанудың негізгі жолдарымен танысты. Салауатты өмір салтын ұстанудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызы атап өтілді.
Автор: А.К.Джарасбай педагог

