11.11.2026ж Шымкент қаласы №121 «Текесу» шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектепте дәріс өткізілді. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС –тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбай дәріс өткізілді.
Іс шараның мақсаты — жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
АИТВ – инфекциясын жастар арасында алдын алу АИТВ –мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бейнероликтер көрсетілді,парақшалар,брошюралар таратылды.Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп қанағаттандырылды.
Авторы: А.К.Джарасбай педагог

