21.10.2026ж. Шымкент қаласы №76 Р.Мырзашев атындағы негізгі орта мектебінде дәріс өткізілді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбай дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты:
Оқушыларға АИТВ инфекциясы туралы дұрыс ақпарат беру, оның алдын алу жолдарын түсіндіру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға бағыттау. АИТВ-ның алдын алу және стигма мен кемсітушілікке жол бермеу.
Дәрістің барысы:
Дәріс барысында АИТВ және ЖИТС туралы жалпы түсінік берілді. АИТВ-ның адам ағзасына әсері, жұғу және жұқпау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар алдын алу шаралары, қауіпсіз мінез-құлық және тестілеудің маңызы туралы ақпарат айтылды. Оқушылармен сұрақ-жауап жүргізіліп, тақырыпты бекіту мақсатында танымдық ойындар ұйымдастырылды.
Дәріс нәтижесінде оқушылар АИТВ инфекциясы туралы білімдерін толықтырып, одан сақтанудың негізгі жолдарымен танысты. Салауатты өмір салтын ұстанудың және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызы атап өтілді.АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарау, олардың құқықтарын сақтау және қоғамда кемсітушілікке жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Автор: А.К.Джарасбай педагог

