«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz

Шымкент қаласында ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер (ЕЖЕ) қауымдастығы арасында АИТВ инфекциясының алдын алу және денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелерге арналған дөңгелек үстел өтті. 

Іс - шараның мақсаты - халықтың негізгі топтары (ХНТ) арасында АИТВ - инфекциясын алдын алудағы өзекті мәселелерді анықтау, жанасуға дейінгі профилактиканың (ЖДП) маңыздылығын талқылау және қолжетімділігін арттыру жолдарын қарастыру, сектораралық әріптестікті нығайту және тиімді профилактикалық стратегияларды енгізуге ықпал ету, «Күтілімдер ағашы» атты интерактивті ойыны арқылы қатысушылардың кездесуден не күтетінін білу. 

Профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ұ. Байдилдаева кездесудің мақсаты мен күн тәртібінде талқыланатын маңызды жайттарға тоқталып өтті.

Кездесудің модераторы ретінде қатысқан бейтарап ұстанымдағы маман А. Пак «АИТВ және иммундық жүйе. ҚР - дағы терапия тәсілдері» атты баяндама жасап, пікір алмасудың ашық әрі сенімді форматта өтуін қамтамасыз етті. 

Эпидемиолог дәрігер Р. Абиева ЖДП бағдарламасы туралы ақпарат беріп, оның тиімділігі мен қолжетімділігін түсіндірді. Қатысушылар ЖДП, АИТВ - ның алдын алудағы рөлі мен маңыздылығын талқылап, сұрақтарына жауап алды.  

ЖИТС орталығының маманы Н. Жүргенбаева "Күтілімдер ағашы" атты интерактивті ойын жүргізіп, қатысушылардан кездесуден не күтетінін жазып, ағашқа жабыстыруын сұрады. Бұл әдіс арқылы ЕЖЕ қауымдастығының нақты сұраныстары мен ұсыныстары айқындалды.

Кездесу барысында ЕЖЕ өкілдері өз ұсыныстарын білдірді - арнайы QR - код арқылы қажетті заттарды (презерватив, майлағыш, ақпараттық материалдар және т.б.) алу жүйесін енгізу, постаматтар арқылы өзін - өзі тестілеу жүйесін (АИТВ экспресс - тесттері) қолжетімді ету, Шымкент қаласының түрғындарының өсуіне байланысты тағы бір достастық кабинетінің ашылуын қамтамассыз ету.

Ұйымдастырушылар тарапынан бұл ұсыныстардың қаралатыны және алдағы уақытта іске асырылуына күш салынатыны айтылды.

Қатысушылар маңызды ақпараттармен бөлісіп, ашық пікірлесіп, ортақ шешімдерге келді. Мұндай кездесулер ЕЖЕ қауымдастығының даусын естуге, олардың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Кездесу соңында кофе - брейк ұйымдастырылып, қатысушыларға ерікті түрде АИТВ - ға экспресс - тест тапсыру мүмкіндігі ұсынылды. Бұл шара денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың тағы бір нақты қадамы ретінде бағаланды. 

Профилактикалық жұмыс бөлімінің меңгерушісі У.Байділдаева: «Іс - шара жоғары деңгейде өтті және халықтың негізгі топтары арасында АИТВ - ның алдын алудың маңызды мәселелерін қозғады. Негізгі назар жанасуға дейінгі профилактиканың (ЖДП) маңыздылығына және халықтың негізгі топтары үшін осы қызметтердің қолжетімділігін жақсарту қажеттілігіне аударылды. А.Пактың баяндамасы мазмұнды болды және үлкен қызығушылық тудырды. Сондай - ақ салааралық өзара іс - қимыл және тиімді профилактикалық стратегияларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Кездесу форматы ашық диалог пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Қатысушыларға нәтижелі және маңызды жұмыстары үшін алғыс айтамыз» - деп ризашылығын білдірді.

Автор: Э.С.Ахмедова ЖИТС орталығының маманы.