«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77

Вход в аккаунт Kz

02.11.2026ж. Шымкент қаласы №7 К.Сыпатаев атындағы мектеп-лицей оқушыларына дәріс өткізілді.Шымкент қаласының денсаулық сақтау

басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбай дәріс өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға АИТВ инфекциясы мен ЖИТС туралы түсінік беру, оның жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру. Салауатты өмір салтын ұстануға, жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Дәрістің барысы: Дәріс барысында оқушыларға АИТВ және ЖИТС ұғымдарының айырмашылығы, инфекцияның жұғу жолдары мен жұқпайтын жағдайлары туралы ақпарат берілді. Аурудың алдын алу жолдары, уақытылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы түсіндірілді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу қажеттілігі айтылды. Дәріс соңында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, тақырып бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесі: Оқушылар АИТВ инфекциясы мен ЖИТС туралы қажетті ақпарат алды, инфекцияның жұғу жолдары мен алдын алу шаралары жөнінде білімдерін толықтырды. Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсініп, АИТВ туралы дұрыс көзқарас қалыптастырды.

Автор: А.К.Джарасбай педагог