18.12.2025ж. Шымкент қаласы №92 жалпы орта білім беретін мектебінде Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Д.Ибайдуллаеваның қатысуымен «АИТВ инфекциясының жұғу және алдын алу шаралары туралы» тақырыбы мен дәріс өткізілді.
Іс шараның мақсаты –жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
«Қиындықтардан – өзгерістерге: АИТВ- ға жауап ретінде» ұранымен өткізілген дәріс барысында Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мұғалімі АИТВ-инфекциясын жастар арасында алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
АИТВ-ны алдын алу бойынша парақшалар таратылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп қанағаттандырылды.
Мақала авторы: Ибайдуллаева Д.

