АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында, 2026 жылдың 8 айында АИТВ-инфекциясына клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша міндетті тексеріп-қарау жағдайына талдау, қан сынамаларын алу барысы бойынша талдау және ерте диагностикалаудың маңыздылығы тақырыбында Шымкент қаласы ДСБ-ның «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталық» МКҚК-ның акт залында 28-29-шы қыркүйек күндері барлық мемлекеттік және жеке меншік медицина ұйымдарының медицина қызметкерлері арасында семинарлар өткізілді.
Семинарларда тақырып бойынша профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Сағимбекованың, эпидемиология бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Қаратаеваның қатысуымен медицина қызметкерлерінің арасында жоспардан тыс семинарлар өткізілді.
Семинар барысында мамандар АИТВ/ЖИТС инфекциясының жұғу жолдары, ауруханаішілік инфекциясының алдын алу шаралары, ерте диагностиканың маңыздылығы, қауіпсіздік ережелерін сақтау және медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметі кезінде инфекциялық қауіптердің алдын алу, АИТВ-инфекциясына клиникалық және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша міндетті тексеріп-қарау жағдайына талдау, қан сынамаларын алу барысы бойынша талдау мәселелері жөнінде ақпарат берілді.
Сонымен қатар апаттық жағдайлар туындаған кезде атқарылатын іс-шаралар алгоритмі түсіндірілді. Семинар соңында қызметкерлер сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды.
Автор: Эпидемиолог дәрігер А.Сагимбекова

