АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында Шымкент қалалық стоматологиялық емханасының директорының өтініш хаты бойынша жоспардан тыс Шымкент қаласы ДСБ-ның «ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталық» МККК-ның профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігері А.Сағимбекова қалалық стоматологиялық емханасының медицина қызметкерлерінің арасында семинар өткізілді. Семинар барысында мамандар АИТВ/ЖИТС инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, ерте диагностиканың маңыздылығы, қауіпсіздік ережелерін сақтау және медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметі кезінде инфекциялық қауіптердің алдын алу мәселелері жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. «Өткір вирусты гепатит В инфекциясы» тақырыбында қосымша семинарда ақпарат берілді. Сонымен қатар апаттық жағдайлар туындаған кезде атқарылатын іс-шаралар алгоритмі түсіндірілді. Семинар соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Өткізілген іс-шара медицина қызметкерлерінің білім деңгейін арттыруға, инфекциялардың алдын алу бойынша сауаттылықты күшейтуге және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.

