06.06.2026ж. Шымкент қаласы М. Ю. Лермонтов атындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте дәріс өткізілді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбай дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты:
Қатысушыларға АИТВ мен ЖИТС туралы түсінік қалыптастыру, инфекцияның таралу жолдарын және одан қорғану тәсілдерін түсіндіру.
Дәрістің барысы:
Дәріс кезінде АИТВ мен ЖИТС ұғымдарына түсініктеме беріліп, олардың айырмашылығы айтылды. АИТВ-ның берілу жолдары және күнделікті қарым-қатынас кезінде жұқпайтын жағдайлар түсіндірілді. Алдын алу шаралары мен уақытылы тестілеудің маңызына тоқталынды. Дәріс барысында оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берілді.
Автор: А.К.Джарасбай педагог

