«АИТВ инфекциясының алдын алу және қорғану жолдары»
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігер А.Сагимбекова және педагог А.Джарасбай дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты:
Қатысушыларға АИТВ туралы түсінік беру, АИТВ-ның жұғу жолдары мен алдын алу шараларын түсіндіру. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Дәрістің барысы:
Дәріс барысында қатысушыларға АИТВ туралы жалпы ақпарат берілді. АИТВ-ның адам ағзасына әсері, жұғу жолдары және жұқпайтын жағдайлары түсіндірілді. Сонымен қатар АИТВ-ның алдын алу жолдары, тестілеудің маңызы және емделу мүмкіндіктері туралы ақпарат айтылды. Қатысушылармен сұрақ-жауап өткізіліп, «Жұғады – жұқпайды» ойыны және АИТВ туралы мифтерді анықтауға арналған қызықты тапсырмалар ұйымдастырылды.
Дәріс соңында қатысушылар АИТВ туралы маңызды ақпарат алып, оның алдын алу жолдарымен танысты. Дұрыс ақпараттың маңыздылығы түсіндіріліп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітпеу қажеттігі айтылды.
Автор: А.К.Джарасбай педагог

