17 қазан күні Шымкент қаласының №90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясында «АИТВ - инфекциясын жастар арасында алдын алу» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізілді.
Баяндамашы - Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының» МКҚК профилактикалық жұмыстар бөлімінің әлеуметтік қызметкері - Куандыков Марат Баянович
Іс - шараның мақсаты - жастарға АИТВ - инфекциясы туралы негізгі түсінік беру, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын жеткізу, сондай - ақ АИТВ - мен өмір сүретін азаматтарды таңбалау мен кемсітуді болдырмау.
Дәрісте қамтылған тақырыптар:
- АИТВ - ның жұғу және жұқпау жолдары;
- Жастар арасындағы негізгі қауіп факторлары;
- Алдын алу шаралары мен қауіпсіз мінез - құлық;
- Стигма мен кемсітушіліктің зияны.
Қатысушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Баяндама автор: Куандыков Марат Баянович

