11.11.2025ж. Шымкент қаласындағы «Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта мектебінде» Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС - тің алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталық» МКҚК - ның профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Д.Ибайдуллаева семинар өткізді.
Іс шараның мақсаты - жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
«Қиындықтардан - өзгерістерге: АИТВ - ға жауап ретінде» ұранымен өткізілген семинар барысында Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мұғалімі 1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ - инфекциясын жастар арасында алдын алу. АИТВ - мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау» жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. АИТВ - ны алдын алу бойынша парақшалар таратылды. Сонымен қатар Шымкент қаласы ЖИТС - тің алдын алу және онымен күресу орталығы бас дарігердің орынбасары Қ.Маширов осы инфекция бойынша толықтырып өтті.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп қанағаттандырылды.
Мақала авторы: Ибайдуллаева Д.

