10.11.2025ж. Шымкент қаласындағы «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп - лицейі» Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС - тің алдын алу және қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК - ның профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Д.Ибайдуллаевамен семинар өткізілді.
Іс шараның мақсаты - жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
«Қиындықтардан - өзгерістерге: АИТВ - ға жауап ретінде» ұранымен өткізілген семинар барысында Шымкент қаласы ЖИТС орталығының мұғалімі 1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күніне орай «АИТВ - инфекциясын жастар арасында алдын алу. АИТВ - мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау» жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мақала авторы: Ибайдуллаева Д.

