Көпшілік арасында АИТВ-инфекциясын емдеу тек ақылы түрде жүргізіледі деген қате түсінік кездеседі. Шын мәнінде, Қазақстан республикасында АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған медициналық көмек мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі және пациенттер үшін тегін көрсетіледі.
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы. Егер дер кезінде анықталып, ем тұрақты түрде жүргізілсе, адам ұзақ әрі сапалы өмір сүре алады. Қазіргі таңда антиретровирустық терапия (АРТ) вирустың көбеюін тежеп, иммундық жүйені сақтауға мүмкіндік береді.
АИТВ-инфекциясы бар азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қатарында дәрігердің кеңесі, зертханалық тексерулер, вирустық жүктемені және иммундық мәртебені бақылау, сондай-ақ антиретровирустық препараттармен емдеу бар. Бұл қызметтер пациенттерге тегін ұсынылады.
Емдеуді үзбеу – АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың денсаулығын сақтаудың басты шарты. Дәрі-дәрмектерді дәрігердің тағайындауы бойынша тұрақты қабылдау вирустық жүктемені анықталмайтын деңгейге дейін төмендетуге көмектеседі. Мұндай жағдайда адамның денсаулығы жақсарып қана қоймай, вирусты жыныстық жолмен өзгелерге жұқтыру қаупі де іс жүзінде жойылады.
АИТВ-ға қатысты медициналық көмек құпиялылық қағидаты сақтала отырып көрсетіледі. Әрбір пациенттің жеке қызмет көрсетіледі, сондықтан медициналық ұйымға жүгінуден қорықпау қажет.
Егер сізде немесе жақыныңызда АИТВ жұқтыру қаупі болған болса, уақытылы тексеріліп, маманның кеңесіне жүгінген дұрыс. Ерте диагностика мен емді дер кезінде бастау – денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы.
ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері М.Умирзахова


