Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) – әлемдік денсаулық сақтау саласындағы маңызды мәселелердің бірі. АИТВ инфекциясын ерте анықтау науқастың өмір сүру сапасын жақсартып, аурудың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда АИТВ-ны анықтаудың бірнеше әдістері бар, соның ішінде қызыл иек сұйықтығы арқылы жүргізілетін экспресс-тест кеңінен қолданылуда.
Қызыл иек сұйықтығы арқылы жүргізілетін тестің жұмыс істеу принципі
Қызыл иек сұйықтығы арқылы жүргізілетін тест - ауыз қуысының шырышты қабатынан алынған сұйықтықтағы АИТВ-ға қарсы антиденелерді анықтауға негізделген.
Тест жүргізу кезінде арнайы таяқша арқылы қызыл иек бойымен сынама алынады. Кейін сынама реагент ерітіндісіне салынып, нәтижесі шамамен 20–30 минут ішінде белгілі болады. Бұл әдіс қан алуды қажет етпейтіндіктен, көптеген адамдар үшін қолайлы болып табылады.
Қызыл иек сұйықтығы арқылы жүргізілетін тестің артықшылықтары:
- Қан алуды қажет етпейді;
- Ауыртпай жүргізіледі;
- Нәтиже қысқа уақыт ішінде дайын болады;
- Қолдануға жеңіл және ыңғайлы;
- Жаппай скрининг жүргізуге мүмкіндік береді;
- Пациенттің психологиялық жайлылығын қамтамасыз етеді.
Осы ерекшеліктерінің арқасында қызыл иек сұйықтығы тесті халық арасында АИТВ бойынша тексеруді кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл әдіс медициналық ұйымдарға жүгінуге қиналатын немесе қан тапсырудан қорқатын адамдар арасында тексеру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жалпы айтқанда қызыл иек сұйықтығы арқылы жүргізілген АИТВ тест - инфекцияны анықтаудың жылдам, қауіпсіз және қолайлы әдісі. Оның басты артықшылықтары-қарапайымдылығы, ауыртпалықсыз жүргізілуі және нәтижені қысқа мерзімде алу мүмкіндігі. Алайда тест нәтижелері әрқашан клиникалық жағдаймен бірге бағаланып, қажет болған жағдайда зертханалық талдаулары жүргізілуі қажет.
Р.R.Даулеткулова ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері

