«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы

Мекен-жай:

Шымкент қ. Кремль көшесі 10/11

Қабылдау бөлімі

7(725) 2-56-27-70

Электрондық почта

aidis-shm4@mail.ru
Ұялы телефон

Кіру немесе тіркелу

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МККК
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы
AA+

+7 (777) 777-77-77


Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20

Вход в аккаунт Kz


Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.185): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/shymaids.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Шымкент қаласынының ЖИТС орталығында медициналық ұйымдарда гемотрансфузия жүргізетін трансфузиолог дәрігерлері мен гемотрансфузияға жауапты медбикелеріне «АИТВ инфекциясын алдын алу тақырыбында» семинар өтті. Семинарға облыстық клиникалық аурухана, облыстық балалар ауруханасы, облыстық фтизиопульмонология, қалалық № 1, №2, №3 ауруханалар, жұқпалы аурулар ауруханасы, қалалық перзентхана, қан орталығы, онкология, жүрек орталығы, «Орынбаев» клиникасы, «Дау Мед», «Хадиша» стационапрлары, «Атамекен» медициналық орталықтары қатысты.

Семинардың мақсаты: Шымкент қаласының донорлары арасындағы эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-жұқпасына зертханалық зерттеудің аналитикалық алдындағы кезеңінің сапасын қамтамасыз ету, диагностикалық емшаралар кезінде медицина қызметкерлердің кәсіби тәуекел қауіпін болдырмау және азайту, медицина қызметкерлерді вирусты гепатиттерден және АИТВ-жұқпасынан, тағы басқа да жұқпалардан сақтандыру, АИТВ бойынша ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарын түсіндіру.

Іс-шара барысында ЖИТС орталығының бас дәрігерінің орынбасары Қ.Н.Маширов әлемдегі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды қысқаша баяндады.

АИТВ инфекциясы бойынша профилактикалық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Ұ.С. Байдилдаева Шымкент қаласындағы эпидемиологиялық жағдай жайында мәлімет берді.

Профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігері Ф.Т. Абдиева Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚРДСМ-211/2020 бұйрығымен бекітілген «АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы», 2020 жылғы 25 қарашадағы №ҚР ДСМ-204/2020 «АИТВ инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында ТМККК шеңберінде АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша ерікті түрде анонимдік және құпия түрде медициналық зерттеп-қаралу және консультация алу қағидаларын бекіту туралы», бұйрықтары бойынша баяндама жасады.

Семинар барысында қан және оның компоненттері құйылған реципиенттердің тізімі тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелген медицина ұйымына берілуін қамтаасыз ету, реципиенттердің қан құйылғаннан кейін 1 және 3 айдан кейін АИТВ инфекциясына тексерілуі қадағаланып, бақылануы, реципиенттер бойынша мәліметті, науқас ауруханадан шыққан күннен бастап 3 күн ішінде науқастың тұрғылықты мекен жайы бойынша тіркелген медицина ұйымдарына беру, гемотрансфузия алған науқастың ауруханадан шығару эпикризіне 1 және 3 айдан кейін АИТВ инфекциясына тексерілу қажеттігі көрсетіліп, ауызша да айтылуы қажеттігі талқыланды.