Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК 11.11.2026ж. Шымкент қаласы Политехникалық колледжінде дәріс өткізілді.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК-нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі А.Джарасбай дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Қатысушыларға АИТВ және ЖИТС туралы түсінік беру, олардың айырмашылығын, жұғу жолдарын және алдын алу шараларын түсіндіру. Денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дәрістің барысы: Дәріс барысында қатысушыларға АИТВ және ЖИТС туралы жалпы мәліметтер беріліп, вирустың адам ағзасына әсері түсіндірілді. Жұғу жолдары, жұқпайтын жағдайлар, қорғану тәсілдері және ем қабылдаудың маңыздылығы айтылды. Тақырыпты бекіту мақсатында сұрақ-жауап өткізілді.
Автор: А.К.Джарасбай педагог

