Құқық қорғау органдары қызметкерлері өз міндеттерін орындау барысында түрлі қауіпті жағдайларға тап болуы мүмкін. АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) мен басқа да жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметкерлерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Әсіресе, қауіпті топтармен, мысалы, есірткі тұтынушыларымен жұмыс істегенде, олар шприцпен зақымдану қаупіне ұшырауы мүмкін. Бұл жағдай құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін АИТВ және басқа жұқпалы аурулар бойынша қосымша қауіп тудырады. Сондықтан, АИТВ-ның алдын алу және оған қарсы шаралар бойынша құқық қорғау қызметкерлерінің білімдерін арттыру, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері ерекше маңызға ие.
Шара барысында айтылған маңызды мәселелер:
- АИТВ вирусының таралу жолдары мен алдын алу шаралары: Туран аудандық Полиция басқармасы қызметкерлеріне АИТВ-ның негізгі таралу жолдары, оның ішінде жыныстық қатынас, инъекциялық есірткі пайдалану және анадан балаға берілуі туралы мәліметтер берілді. Сондай-ақ, вирустың алдын алу үшін қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен денсаулық сақтау жүйесінің маңызы айтылды.
- Жұқпалы аурулар бойынша құқық қорғау қызметкерлерінің рөлі: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің АИТВ мен басқа жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қоғамға дұрыс ақпарат беру және профилактикалық шараларды жүзеге асырудағы рөлі туралы түсінік берілді.
- Қоғамдық түсінік және стереотиптер: АИТВ-ға қатысты қоғамда қалыптасқан стереотиптер мен кемсітушіліктің алдын алу қажеттілігі айтылды. Бұл мәселені шешу үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғаммен тығыз байланыс орнатуы маңызды.
АИТВ ауруына қатысты осындай шаралар Туран аудандық Полиция басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қоғамда АИТВ-ның таралуын болдырмауға септігін тигізеді. Құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы ынтымақтастықты күшейту арқылы қоғамда АИТВ туралы дұрыс ақпарат таратып, осы аурумен күресуді тиімді етуге болады.
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының профилактикалық жұмыстар бөлімінің эпидемиолог дәрігері Р.Н.Абиева