2026 жылы «Адамдар бірінші орында» ұранымен өтетін 1 наурыз – Нөлдік кемсітушілік күніне арналған науқан аясында 26 ақпанда Шымкент политехникалық колледжінің екінші курс студенттеріне «АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу» тақырыбында дәрістер өткізілді.
Іс-шара барысында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың мамандары, дәрігер М. Г. Моисеева және педагог Д. А. Ибайдуллаева «Нөлдік кемсітушілік күнінің» тарихы, бүкіл әлем бойынша жаһандық ынтымақтастық қозғалысы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу шаралары туралы түсінік берді. Дәрісте АИТВ-ның таралуы, алдын алу шаралары, салауатты өмір салты, жас ұрпақ үшін адамгершілік және жыныстық тәрбиенің маңыздылығы және кез-келген айырмашылыққа негізделген кемсітушілікті жою бойынша тақырыптар қамтылды. Дәрісте сұрақ-жауап сессиясы, интерактивті ойындар және бейнеклиптер болды.
Дәріс барысында Д. Ибайдуллаева: «Нөлдік кемсітушілік күні, әрқайсымыздың АИТВ мәселелері бойынша қалай хабардар бола алатынымызды, толерантты көзқарасты, жанашырлықты, қарапайым адами құндылықтарды және ең алдымен өзгерістер үшін қозғалысты ілгерілете алатынымызды көрсетеді. Әр адамның толыққанды, лайықты өмір сүруге құқығы бар», - деп қорытындылады.
Кездесу соңында М. Моисеева: «Жас ұрпақ – еліміздің демографиялық және интеллектуалдық әлеуеті. Біз өз білімдерін пайдалана отырып, АИТВ туралы мифтер мен жалған ақпаратты жоққа шығаруға көмектесе алатын, сонымен қатар АИТВ және АИТВ-мен өмір сүретін адамдар туралы хабардарлықты арттыруды қолдайтын қаншама білімді, қамқор, азаматтық көзқарастары ашық жастардың бар екенін көріп отырмыз. «АИТВ жұқтырған адамдар ұзақ, салауатты өмір сүре алады», - деп атап өтті. Студенттер әртүрлі кемсітушілік түрлері мен АИТВ алдын алу мәселелерін шешу бойынша өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.
145-топтың екінші курс студенті Арслан: «Бүгін бізде «1 наурыз - Нөлдік кемсітушілік» және АИТВ жұқтырған адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу туралы дәріс болды. Дәріс өте қызықты өтті. Мәліметтер ойландыратындай болды. ЖИТС орталығының мамандары материалды анық түсіндіріп, біздің барлық сұрақтарымызға ешқандай сын немесе баға бермей жауап берді».
241-топтың екінші курс студенті Мейірбек:«Мен үшін дәріс өте қызықты өтті. Жаңа мәліметтер көп болды. Мамандардан АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы сұрақтарыма жауап алдым. Өткізілген ойындар танымды болды» - деп ризашылығын білдірді.

