2026 жылдың 14 мамырында Шымкент қаласының №23 орта білім беретің мектепте Жастар денсаулық орталығы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы және Облыстық тері-венерология диспансері бірлесіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай және жастардын арасында жыныстық жолмен берілетің аурулардың алдын алу мақсатында дәріс өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, алдын алу жолдарын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қоғамда толерантты көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Іс шара барысында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, олардың қауіптілігі, алдын алу шаралары, қорғану жолдары және кездейсоқ жыныстық қатынастардан бас тарту жайында мәлімет берілді. Жастар арасында бұл ауруларды алдын алу репродуктивті денсаулықты сақтаудың негізі болып табылатындығы түсіндірілді. Жастарды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қауіпті әдеттерден (есірткі, қорғалмаған жыныстық қатынас т.б.) аулақ болуға шақырылды.
Т.А. Есенбеков ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері

