Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
Аталмыш кездесуге ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының дәрігер психиатр-нарколог маманы Одман Меруерт, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан, Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан және Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция подполковнигі Манабаева Балжан және Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар арасында нашақорлықтың, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұматтар беріліп, жаман әдеттерден аулық болып жақсы істермен айналысуға шақырды. Мақала авторы; Н.Жургенбаева