Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беру, өз еркімен тесттен өткізу шарасы өтті. Мақсаты – Жастар арсында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Шараға Қоғамдық денсаулық сақтау институтының маманы Айжан Молдабаева, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева және Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында денсаулық сақтау және ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы адам ағзасында қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді