2026 жылдың 15 мамырында Шымкент қаласының Орта-Азиялық Жоғары медициналық колледж Жастар денсаулық орталығы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы және №3 қалалық емхана мен бірлесіп, ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай және жастардың арасында жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу мақсатында семинар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру,алдын алу жолдарын түсіндіру,салауатты өмір салтын қалыптастыру.Жастар арасында бұл ауруларды алдын алу репродуктивті денсаулықты сақтаудың негізі болып табылатындагы түсіндірілді.
Мақала авторы: Ибайдуллаева Д.

