Шымкент қалалық ДСБ 28.01.2025 ж. №29 - н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент каласы денсаулык сактау баскармасының «ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚҚ «Студенттік емхана» медициналық орталығы медқызметкерлеріне семинар және емханаға келуші студенттер арасында 1 - ші желтоқсан «Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күні» тақырыбында «Ашық есік күні» іс шарасы өткізілді.
Іс - шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары №211/2020, №204/2020, ДСМ - 6, №313 Ф№2, №39 «Әдістемелік ұсынымдары бекіту туралы талаптары» Стигма және дискриминация бойынша, ҚРДСМ - 303/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай - ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» және ККП КДП АИТВ инфекциясын алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Қызметкерлер арасында «Стигма және кемсітушіліктер», «АИТВ инфекциясының анадан берілуін алдын алу» және «АИТВ инфекциясымен өмір сүретіндердің ВГС бойынша сұрақтар» тақырыбтарында дәріс өткізіліп сертификаттар берілді.
Студенттер арасында өз еркімен тексерілем деушілерді АИТВ инфекциясына жедел тест әдісімен тексеріліп, нәтижелері теріс болды. АТМ таратылды.
Мақала авторы дәрігер эпидемиолог: Ф.Т. Абдиева

