17.04.2026 ж. Шымкент қаласы «До и после» Әйелдер клубының қызметкерлері мен келушілері арасында Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК - нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Д.Ибайдуллаева, әдістемелік жұмыстар бөлімінің дәрігері М.Моисеева түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс шараның мақсаты АИТВ инфекциясының алдын алу және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
Сонымен бірге адамдар арасында АИТВ - мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қойылған сұрақтарға жауап берілді және ерікті түрде жедел тест жүргізілді. АИТВ - ның алдын алу бойынша парақшалар таратылды.
Барлығы -10 адам қатысты.
Автор: Д.А Ибайдуллаева педагог

