16.02.2026ж Шымкент қаласы №57 жалпы орта білім беретін мектеп Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС - тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» МКҚК - нің профилактикалық жұмыстар бөлімінің мұғалімі Д.Ибайдуллаевамен дәріс өткізілді.
Іс шараның мақсаты - жастар арасында АИТВ инфекциясын алдын алу және денсаулығын қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.
АИТВ - инфекциясын жастар арасында алдын алу АИТВ - мен өмір сүретіндерді кемсіту мен таңбалаудан қорғау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бейнероликтер көрсетілді, парақшалар, брошюралар таратылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп қанағаттандырылды.
Мақала авторы: Ибайдуллаева Д.

