Шымкент қалалық ДСБ 28.01.2025 ж. №29- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері Ф. Абдиева, Шымкент қалалық № 2 аурухана мен емхананың медициналық қызметкерлеріне дәріс оқылып, әдістемелік көмек көрсету жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары №211/2020, №204/2020, ДСМ-6, №313 Ф№2, №39 «Әдістемелік ұсынымдары бекіту туралы талаптары» Стигма және дискриминация бойынша, ҚРДСМ-303/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» және ККП КДП АИТВ инфекциясын алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Қызметкерлер арасында 11.04.2025ж. «АӨА және ХНТ стигма және кемсітушіліктер» тақырыбында семинар өткізіліп №2132 -2244 нөмірлерімен сертификат берілді, 14.04.2025ж. «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің профилактикасы» тақырыбында семинар өткізіліп № 2245-2357 аралығында сертификат берілді және АИТВ-инфекциясын диагностикалау, алдын алу, емдеу және біріктірілген аурулар» тақырыбында 15.04.2025ж. семинар өткізіліп, 2358 - 2470 сертификаттар берілді.
Мақала авторы дәрігер эпидемиолог: Ф.Т. Абдиева