? Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Индустриалды-техникалық» колледжінде жастар арасында нашақорлықтың, маскүнемдіктің және АИТВ/ЖИТС–тің алдын алу жастарды спортқа баулу мақсатында арнайы сала мамандарының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты - АИТВ/ЖИТС–тің және нашақорлықты алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанып жастарды спортқа баулу.
? Аталмыш кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Бауыржан Карбеков, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының клиникалық психолог маманы Алия Алибековна, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің басшысының орынбасары Аитов Руслан Шавкатович, ШВСМЗ әмбебап жекпе-жек аға жаттықтырушы Сыздықбаев Бауыржан Сағимбаевич, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары, жекпе-жектен әлем чемпионатының бірнеше дүркін чемпиондары Нұрхан Жұмағазы, Назерке Исабек және Жанар Дегенбай, ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева қатысты.
? Кездесу барысында ЖИТС орталығының қызметкері кәмелетке толмағандар жастар арасында нашақорлық, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мәселелері жайында толыққанды мағлұмат берді. Сонымен қатар сала мамандары өз бағыттары бойынша жастарға толыққанды ақпараттар беріп, жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді пайдаланып жан-жақты дамуға шақырды. Сөз соңында жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.