Шымкент қалалық ДСБ 28.01.2025 ж. №29- н/қ бұйрығын орындау мақсатында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері А. Байкасова, қалалық психикалық денсаулық орталығының медициналық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік көмек көрсету жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында АИТВ инфекциясы бойынша ҚР ДСМ бұйрықтары №211/2020, №204/2020, ДСМ-6, №313 Ф№2, №39 «әдістемелік ұсынымдары бекіту туралы талаптары» Стигма және дискриминация бойынша, ҚРДСМ-303/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» және ККП КДП АИТВ инфкциясын алдын алу жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Қызметкерлері арасында 10.04.2025ж. «АӨА және ХНТ стигма және кемсітушіліктер» тақырыбында «семинар өткізіліп №1883 -1965 аралығында сертификат берілді, 11.04.2025ж. «АИТВ, мерез және С гепатитінің анадан балаға берілуінің профилактикасы» тақырыбында семинар өткізіліп № 1966-2048 аралығында сертификат берілді және АИТВ-инфекциясын диагностикалау, алдын алу, емдеу және біріктірілген аурулар» тақырыбында 14.04.2025ж. семинар өткізіліп, 2049 - 2131 сертификаттар берілді.
Мақала авторы дәрігер эпидемиолог А.Т. Байкасова