2026 жылдың 24 қарашасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастырумен Шымкент қаласында «Шымкент халықаралық әуежай»-да 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай халықтың арасында науқан өтті.
Науқанның негізгі мақсаттары:
Ақпараттандыру: АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, одан қорғану әдістері және заманауи емдеу тәсілдері туралы қоғамға шынайы ақпарат беру.
Ерте диагностика: Тұрғындарды өз АИТВ-статусын білуге, яғни тегін әрі құпия түрде экспресс-тестілеуден өтуге шақыру.
Стигма мен кемсітушілікті жою: АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға деген теріс көзқарасты өзгерту, олардың құқықтарын қорғау және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.
Науқан символы
Науқанның халықаралық символы — қызыл лента. Қызыл лента АИТВ/ЖИТС мәселесіне бейжай қарамауды, індеттен көз жұмғандарды еске алуды және осы дертпен күресіп жүрген жандарға ынтымақтастық танытуды білдіреді.

