2026 жылдың 25 қарашасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастырумен Шымкент қаласында «Алаш базар»-да 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күніне орай халықтың арасында науқан өтті.
Науқан барысында орталықтың мамандары АИТВ-инфекциясын жұқтыру жолдары мен алдын алу шаралары, тестілеу мен өзінің АИТВ-мәртебесін білудің маңыздылығы туралы айтып, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың құқықтарын сақтау, стигма мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелерін қозғады. Алаш базардың ынта білдірген келушілері үшін АИТВ-ға экспресс-тестілеу өтті.
\

