1 наурыз - кемсітушілікке қарсы күрес күні. "Кемсітушілік нөлі" күні (Zero Discrimination Day) немесе кемсітушілікке қарсы күрес күні 2014 жылдан бастап БҰҰ шешімімен жыл сайын 1 наурызда атап өтіледі. Кемсітушілік (латын тілінен discriminatio – бөлу) – "қысу". Қазіргі тұжырымдамада бұл сөз адамның құқықтарына әртүрлі белгілермен (әлеуметтік, діни, нәсілдік, ұлттық, жыныстық және т.б.) қысым жасау үшін қолданылады және әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұған барлық заманауи мемлекеттер басынан өткерген тарихи тәжірибе дәлел бола алады.
Аталмыш шара қарсаңында Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі - А.М. Алтынбекова қалалық медициналық ұйымдардың мамандарымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мәселелеріне назар аудару, кемсітушілікке жол бермеу, АИТВ-ның осалдығына әсер ететін факторларды жою, әр адамның қадір-қасиетімен толыққанды өмір сүру құқығын еске салу.
Іс-шара барысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма (таңба басу) мен кемсітушілікке жол бермеу, сондай-ақ әркімнің денсаулығын сақтау үшін әркімнің құқығы қорғалуы керектігі талқыланды.